Bugin

"Ақындарға ренішім бар": Дулат Исабеков тың мәлімдеме жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

Дулат Исабеков тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевты биліктен кеткен соң сынағандарға шүйлікті, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Kultobe Podcast YouTube арнасында белгілі драматург Дулат Исабеков сұхбат берді. Ол тұңғыш президентті даттағандарды сынады.

"Мен ол кісі туралы бір пікірдемін. Өтті, кетті. Сол кезде поэма жазған адамдар енді соны сынай бастады. Демек адамның екіжүзділігі деген осы. Мен сол кезде мақтап, ешқандай пікір айтқан емеспін", - деді Дулат Исабеков.

Жазушы Назарбаевты мақтап өлең жазғандарды да сынға алды.

"Көзі тірі кезінде поэма жазып, кейін жалт етіп бұлай шыға келу – адамның қасиетсіздігі, екіжүзділігі. Әсіресе, ақындарға ренішім бар. Биліктегі тоталитаризмнің көбін ақындар жасаған екен. Қазір Сталиннің кезіндегі өлеңдердің көбі есіме түседі, жатқа білемін. Ал орыс ақындарының біреуі Сталин туралы өлең жазған жоқ. Тек қазақтар ғана жазды", - деді ол. 

Еске салайық, бұған дейін белгілі ақын Ханбибі Есенқараеваның қиын тағдыры туралы хабарлаған едік.