Bugin

Ғалымдар жұлдыз жорамалдың былығын ашты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Ресми ғылымның астрологиямен күресі ұзақ уақыт бойы жалғасып келеді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Лайфхакер сайтына сілтеме жасап. 

Социологиялық зерттеулер нәтижесінде халықтың көбі бұл ғылымға сенетіні анықталды. Оңтүстік Корея ғалымдары жаңа зерттеуінде ғылыми әдістерді қолдана отырып, астрологияның беделіне нұқсан келтірді.

Кемюнг университетінің психологтары 12 791 адамның деректеріне талдау жасады. Олар талдау жасаған адамдардың өміріне қатысты сегіз құрамдас бөлікті зерттеді. Оның ішінде жұмысқа қанағаттанбау, неке, өзін-өзі бағалау, денсаулық, стресс пен депрессия сезімі, тағы бірқатар көрсеткіштер бар. Содан кейін зерттеуге қатысушылардың туған күндері нақтыланды.

Зерттеу нәтижесі нөлге тең болды. Бұл зерттеу адамның жұлдыз жорамалдағы тағдыры оның табысы мен әл-ауқатына әсер етпейтіндігін анықтады. 

Бұл нәтижелер астрологияны растайтын дәлелдер таба алмаған алдыңғы эмпирикалық зерттеулерге сәйкес келеді. Зерттеудің авторлары адамдарға бұл ағымның жалған ғылым екенін түсіндіргісі келеді. Бұл халықтың жалпы ғылыми сауаттылығын арттыру тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар сыни ойлауды дамытуға көмектеседі. Жұлдыз жорамалға сенім артпау – адамның өз ісіне және өз тағдырына жауапкершілікпен қарауына көмектеседі.