Bugin
Фото: freepik.com
Осыдан 3 күн бұрын Қарағанды облысындағы Нұра өзенінде суға батып кеткен қыздың денесі табылды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Almaty.tv-ға сілтеме жасап.
Сүңгуірлер суға батқан қыздың денесін оқиға болған жерден бір жарым километр қашықтықтан тапқан.
"Бүгін құтқарушылар суға батқан екінші қыздың денесін 1300 шақырым жерден тапты. Іздестіру жұмыстарын облыстық төтенше жағдайлар қызметі, ПД, Теміртау қалалық аңшылар мен балықшылар қоғамының қызметкерлері, туған-туыстары мен жергілікті тұрғындар жүргізді. Іздеу жұмыстарына барлығы 40 адам, 9 техника және 7 су көлігі жұмылдырылды", – деді Бұқар жырау аудандық төтенше жағдай бөлімінің бастығы Ерсін Жүнісбеков.
Іздестіру жұмыстарына қатты ағын кедергі келтіргені айтылды.