Bugin

"Ұлым жазықсыз 11 жылға сотталды". Қызылордалық әйел жан-сырын айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: mail.kz

Қызылордада әйел адам әділдік іздеп, сот табалдырығын тоздырған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп.

Басылымның мәліметінше, Жоғарғы сот бірінші сатыдағы соттың үкімін жойып, істі аппеляциялық сатыдағы сотқа жіберген.

Алтынай Қайыпова есімді әйел ұлының жазықсыз сотталып кеткенін айтады.

"2022 жылы 30 қыркүйекте балам вахталық жұмысқа кеткен. Жұмыста болғаны жөнінде дәлел бар. Бірақ балама басқа біреудің қылмысын жапқан. Ал шын қылмыскер ұлымның кластасы. Сол жігіт 30 қыркүйекте таксиге отырып, Астанаға жол жүреді. Шамалыдан соң жаңағы жігітке бір танысы сөмке әкеп береді. Сөмкеде наша болған. Жолда құқық қорғаушылар тексерген, сол кезде ұсталған. Сөмке берген адам да, жолға шыққан жігіт те ұсталады. Бірақ сол күні келісіп полициядан шығып кетеді", - дейді Алтынай Қайыпова.

Оның айтуынша, тергеу әділ жүргізілмеген.