Bugin

Қазақстанға Қытайдан 400 мыңға жуық турист келген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: domgadalki.ru

Елімізге Қытайдан 400 мыңға жуық турист келген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Кеше Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев ҚХР мәдениет және туризм министрі Сунь Елимен кездесті. Жиын барысында екі ел арасындағы туризм саясаты сөз болды.

ҚХР төрағасының Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында біз Қытай медиа корпорациясымен (СМG) елдің туристік әлеуетін ілгерілету мақсатында туризм саласындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоямыз, - деп атап өтті ҚР туризм және спорт министрі кездесу барысында.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, тараптар кездесу барысында туризм саласындағы екіжақты ынтымақтастықты талқылады.

Кейінгі жылдары туризм саласындағы ынтымақтастықты жандандыру, туристік ағымды ұлғайту мақсатында бірқатар іс-шара қабылданды, - деді министр.

2023 жылы Қытайдан Қазақстанға келген туристер саны бірнеше есе артып, 367 мың адамға жеткен. Сонымен қатар былтыр 311 мың қазақстандық турист Қытайға сапарлаған. Бұл – 2022 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда екі есе көп.

Министр мәліметінше, қазіргі таңда Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе рейстер саны аптасына 44 рейске дейін жеткен.