Bugin

Кениялықтар үкіметтің отставкаға кетуін талап етіп, наразылыққа шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ТАСС

Кенияда үкіметке қарсы шерулер басталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы  ТАСС-қа сілтеп.

Кенияның Найроби қаласында салықты көтеру туралы даулы заң жобасының күші жойылғанына қарамастан, полиция агрессивті демонстранттарды тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолдана бастаған. 

Халық үкіметтің отставкаға кетуін талап етуде. Наразылық шерулері 18 маусым күні басталды. 

26 маусымда президент Уильям Руто салыққа қатысты даулы заң жобасын жойды. Алайда демонстранттар тағы наразылықтарға шақырып, 27 маусым күні де жалғасты. 

ТАСС мәліметінше, наразылық шеруінен 39 адам қаза тауып, 350-ден астамы жарақат алған.