Bugin
Фото: Zakon.kz
Астанада бүгін отшашу атылады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Елорда күні мен ШЫҰ саммитін өткізу қарсаңында, 3 шілдеде ботаникалық бақта отшашу атылып, Астана аспанын әсемдемек. Шараның болжамды уақыты сағат 22:00-ден 22:30-ға дейін.
"Техникалық дайындық мақсатында 3 шілдеде сағат 19:00-ден бастап Ботатинкалық бақ аумағы ішінара жабылады. Бұл қоршау азаматтардың қауіпсіздігі үшін техникалық аймақ бөлімшесі үшін қажет. Отшашуды іргелес аумақтардан, соның ішінде "Ұлытау" скверінің аумағынан байқауға болады", - делінген әкімдіктің хабарламасында.