Bugin
Фото: Hindustantimes.com
Үндістанның Уттар-Прадеш штатындағы Хатрас қаласында діни іс-шара кезінде адамдар кептеліске тап болып, салдарынан 107 адам қаза болды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Hindustan Times сайтына сілтеме жасап.
Іс-шара арнайы шатырда өтті. Діни уағызшы Бхоле Баба ізбасарларына сөз сөйлегеннен кейін адамдар кете бастаған. Оқиға сол кезде орын алған. Олар шатырдан шыға алмай қысылып қалған. Полицейлердің пікірінше, алдын ала болжам бойынша оқиға ауа жетіспеушілігі мен қатты қысымнан болуы мүмкін.