Bugin

“Мен сайқымазақ емеспін”: Нұрлан Қоянбаев елді ойландырып қойды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: инстаграм @koyanbayevnurlan

Белгілі әзілкеш, продюсер Нұрлан Қоянбаев желідегі парақшасына жазба жариялады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Еске салайық, бірнеше күн бұрын Нұрлан Қоянбаев Түркістан облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі қызметіне тағайындалғанын хабарлаған едік. Продюсер өзін сынағандарға жауап берді. 

"Облыс әкімдерімен кездесіп, көп ойларыммен бөлісіп жүрмін. Әзірге тек Түркістан облысы ғана креативті идеяларымды қолдады. Ешқандай айлықсыз және бюджеттен тыс", - деп жазды Нұрлан Қоянбаев. 

Продюсер инстаграм парақшасында журналистерге ренішін білдірді. 

"Байқағаным, кейбір біршама журналистердің мақалаларында “Сайқымазақ”, “Клоун” деген сияқты сөздер шығуда. Мен сайқымазақ емеспін, мен Қазақпын! Ешкімге керек емес, ешкім мән бермейтін әзіл саласында 25 жыл еңбек етіп, 5 мың теңгелік айлықтан, 100 миллион долларлық индустрияны қалыптастырған креативті продюсердің бірімін", - деп жазды ол. 

Нұрлан Қоянбаев айлықсыз қызметке тұрғаны үшін ақталуға міндетті емес екенін жеткізді.

"Мысалы, Қазақстан Республикасының ақпарат министрінің вице-министріне - Кочетов Евгений деген азамат тағайындалғанда ешкім шулап, резонанс тудырмады. Мен де Кочетов Евгений сияқты еліме қызмет жасағым келеді. Неге мен өз елімде тіпті, айлығы жоқ қызметке тұрғанда, ақталып, пост жазуым керек?!", - деді продюсер.

Нұрлан Қоянбаев елдің дамуы үшін текті қазақтардың белсенді болуы қажеттігін сөз етті.