Bugin

Ұлттық театр репертуарындағы “Ай мен Айша” спектаклі ҚР Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған іріктеуден өтті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Bugin.kz

2024 жылғы Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның шешімі бойынша "Ай мен Айша" драмасы (өңделген нұсқасы) алдын ала іріктеуден өтті және конкурстың келесі кезеңіне жіберілді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Аталмыш спектакль Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының репертуарында көрсетілуде. Спектакль жазушы Шерхан Мұртазаның "Ай мен Айша" романы мен "Мылтықсыз майдан" повесі желісімен ҚР еңбек сіңірген қайраткері Еркін Жуасбек жазған драма бойынша қойылды.

Bugin.kz

Bugin.kz

Спектакльде сұрапыл соғыс жылдары майданның барлық ауыртпалығын елде бастан кешкен ауыл адамдары, соның ішінде – "халық жауы" атанып, айдауда дүние кешкен отағасының аманаты – үш балапанын қалайда аман-есен жетілдіруді мақсат еткен Айшаның отбасы бейнеленеді. Алапат соғыс, ел ішінде де аштық, шарасыздық. Жау жағадан алғанда соғыстан бой бұғып қалған қорқаулар етектен тартқылайды. Осы аласапыранда қарлығашша шырылдаған Айша жанталасып, тіршілік үшін күресуде. Бұл – жалғыз Айшаның тағдыры емес, ел тағдыры.

Bugin.kz

Bugin.kz

Спектакль – жеңіс үшін, өмір-тіршіліктің жалғасы үшін тылда жан аямай еңбек еткен барлық Ана мен баланың, кейуаналар мен ақсақалды аталардың ерен ерлігіне арналған.

“Режиссер – әйгілі қаламгер, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Шерхан Мұртазаның "Ай мен Айша" романы мен "Мылтықсыз майдан" повесі негізінде шегендеп шыққан драматург Еркін Жуасбектің драмалық шығармасын кейіпкерлік-әлеуметтік-тарихи мәнінде игеріп қана қоймай – бір ғана Айша-ананың, бір ғана ауыл мен әулеттің қаусай күйреп, қайта тұрып жатқан тағдырын күллі адамзаттың басындағы қасіретке айналдыра білген. Тұңғышбай әл-Тарази өзінің осы режиссерлік шығармасымен тарихи-психологиялық спектакльдің әлемдік үлгідегі эпикалық, классикалық нұсқасын жасап шықты. Бұл жетістікте, сөз жоқ, автордың, драматургтің, сахнадағы актерлердің үлесі өте зор",- дейді жазушы Әшірбек Көпіш.

Bugin.kz

Bugin.kz