Bugin

“43 градус ыстық”: 4-6 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Синоптиктер 4-6 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Синоптиктердің мәліметінше, таяу күндері Қазақстан аумағының басым бөлігінде циклон өз ықпалын сақтайды. Сондықтан жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел күтіледі. 

"Қатты жаңбыр 5 шілдеде солтүстік-батыста, 5-6 шілдеде солтүстікте, орталықта және оңтүстік-шығыста, 4-6 шілдеде шығыста болады деп күтілуде. Тек республиканың батысы мен оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ еліміздің батысында күндіз +33+43°С дейін өте қатты ыстық болады деп болжанды.