Bugin

“Аяғы құрттап кеткен”: Таразда адам шошырлық жағдайда өмір сүрген отбасы табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: инстаграм @ gulmir_ktk

Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желідегі парақшасында жантүршігерлік жағдайды баяндады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

"Жер кепеде ел көзінен таса, адам шошырлық күйде өмір сүріп жатқан ана мен 2 баласын еріктілер тапқан. 78 жастағы кейуананың аяғы құрттап кеткен, жәндіктер жыбырлап денесіне кіріп-шығып жүр. Ал, 40 жастағы екі ұл мүлдем жарық дала көрмеген сыңайлы. Топыраққа, шкафқа бастарын сұғып, кісі киік болып қалған. Үшеуінің де психикалық ауытқуы бар. Жөндеп тамақ ішіп, жуынбағалы жылдар болғаны анық", - деп жазды ол. 

Қазір үшеуі де ауруханаға жатқызылып, бақылауға алынды.