Bugin
Фото: Ақорда
2025 жылы Қытайдың Қазақстандағы туризм жылы өтеді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Қазақстан Ұлттық арнасына сілтеме жасап.
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздерден кейінгі баспасөзге арналған мәлімдеме барысында айтты.
"Келіссөздер барысында мәдени-гуманитарлық байланысты және туризм саласындағы ықпалдастықты күшейтуге баса назар аударылды. Осы сапар аясында Бейжіңде Қазақстанның және Астанада Қытайдың Мәдени орталықтары ашылды. Мұны екіжақты байланысты бекемдеу үшін жасалған өте маңызды қадам деп айтуға болады. Биыл наурызда Бейжіңде Қазақстанның Қытайдағы Туризм жылы салтанатты түрде ашылды. Келесі жылы осы шараның жалғасы ретінде Қытайдың Қазақстандағы туризм жылы өтеді. Бүгін қол жеткізілген келісімдер елдеріміз арасындағы байланыстарды нығайтып, халқымыздың игілігіне қызмет етеді деп сенемін", - деді Президент.
Еске салайық, бұған дейін Нұрлан Қоянбаев жаңа қызметі туралы пікір білдіргенін хабарлаған едік.