Bugin

Семейде ер адам колонияға тыйым салынған зат лақтыруға тырысқан

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Семейде колонияға тыйым салынған зат лақтыруға тырысқан күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, ер адам оқиға орнында ұсталған. Абай облысы бойынша ҚАЖД №19 мекемесінің қызметкерлері тыйым салынған заттардың мекеме аумағына кіруіне жол бермеген. Нәтижесінде 44 жастағы Семей тұрғыны ұсталды. 

"Жеке тексеру кезінде полиэтилен пакетте мөлдір түсті ерекше иісі бар сұйықтық шықты, шамамен 0,5 литр сыйымдылығы бар екі пластик бөтелке табылып, тәркіленді. Пластикалық ыдыста иісі бар, белгісіз жасыл түсті зат, мөлшері 100 мл", - делінген хабарламада.

Семейлік тұрғын бұл заттарды оған бұрын таныс емес адамдар лақтыруды сұрағанын мойындады.