Bugin

Мақпал Жүнісова үшем босанды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pixabay

Көкшетауда Мақпал Жүнісова есімді келіншек үшем босанды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы aikyn.kz.-ке сілтеп.

Танымал әншінің есімімен аттас әйел Зеренді ауданына қарасты Гранитный селосында тұрады.

"Мен, Мақпал Жүнісова үшем босандым. Жүктілік кезінде жанымда болған дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне алғысымды білдіргім келеді. Жүктіліктің 35 айында босандым, бәрі қалыпты өтті. Әрине, соңғы айда қиындау болды. Алғашында дәрігерлер егіз болады деген. Бірақ кейін үшем болатынын естігенде жолдасым екеуіміз қатты таңғалдық. Үйде тағы екі ұлым мен бір қызым бар. Енді, міне, Мирас, Гүлнәр және Гауһар есімді үшем өмірге келді", - дейді Мақпал Жүнісова.