Bugin
Фото: dzen.ru
Атырау облысында республикалық маңызы бар жолдарда жол апаты жиілеген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Облыстық ПД мәліметінше, тасжолда 35 жол апаты тіркелген. Салдарынан 24 адам қаза тауып, 51 адам жарақат алған.
"Ірі жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі жүргізушілердің жылдамдық сақтамауы мен тыйым салынған жол белгілері талаптарына бағынбай, қауіпті аймақтарда біртұтас сызықты қиып, қарсы бағытта жүргізуі салдарынан болып жатыр. Осы ретте жол-көлік оқиғасының алдын-алу бағытында патрульдік полиция қызметкерлері автожолдарда қарсы бағытқа шыққан көлік жүргізушілерін дрон әуе камерасымен анықтап, жауапкершілікке тартып жатыр", - деп жазылған облыстық ПД мәліметінде.