Bugin

Түркістанда жұмбақ жағдайда көз жұмған бойжеткеннің өліміне қатысты жаңа деректер айтылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: polisia.kz

Түркістанда сүйіктісінің көлігінен денесі табылған бойжеткенге қатысты жаңа дерек мәлім болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Almaty.tv телеарнасына сілтеме жасап.

19 жастағы бойжеткен жігітінің көлігінен өлі күйінде табылған болатын. Облыстық полиция департаменті күдікті ұсталғанын мәлімдеді.

"Үйіне барсақ есік алдында жедел жәрдем көлігі тұр екен. Қызымызды буындырып өлтіріп, денесін көліктің ішіне кіргізген. Енді оны жоққа шығарып, газдан уланып қалған деп отыр. Қазір бірнеше сараптама жасатып жатырмыз. Жауабы бір аптадан соң шығады дейді", – деді  марқұмның әкесі Данияр Құрбаналиев.

Марқұмның туыстары бойжеткеннің мәйіті табылғанда үстіндегі киімнің жартысы болмағнаын айтажы. Ал мәйітті жуындыруға кіргендер Дильмураның бет-аузының сау-тамтығы жоқ екенін атап өтті. Олардың айтуынша, қорлықтан қашқан қыз күдіктімен біршама уақыт бойы алысқан.

"Қыз өзін қорғамақ болып, қарсыласқан. Кейін есін білмей қалған. Денесін машинаға кіргізіп, терезелерін жауып, кішкентай шланг салып, газ жіберген", - деді марқұмның туысы Малахат Құрбаналиева.

Күдікті ретінде қыздың жігіті ұсталды. Екі жас биыл үйленуді де жоспарлаған екен.

 "Аса ауыр қылмыс жасады деген күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр. Осы ретте азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырамыз", – делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.