Bugin
Фото: Видеодан алынған скриншот
Ақтауда соққыға жығылған ер адам көптеген дене жарақатын алған, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға маусым айының соңында 3-шағын ауданда болған. 2 жігіт жанжалдасып, соңы төбелеспен аяқталған. Біраздан кейін оларға таяқ ұстаған үшінші адам қосылған, кейін күрек қолданғаны белгілі болды.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі қылмыстық іс денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бабы бойынша тергеліп жатқанын хабарлады. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Төбелеске қатысқандардың барлығы анықталған. Төбелес салдарынан 1986 жылы туған ер адамның бас сүйегіне зақым келген.