Bugin
Фото: Видеодан алынған скриншот
Канадалықтар асырап алған қазақ баласы туған жерге келді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Маңғыстау облыстық арнасына сілтеме жасап.
Осыдан 17 жыл бұрын Канадаға кеткен Райн Жандос кеше Ақтауға келіп, туған анасымен қауышты. Шетелден келген қонақтарды ақтаулық бір топ ерікті күтіп алды.
Жандос Рейннің туған ата-анасын табуға белгілі журналист Жанар Байсеміз көмектескен.
Жандос Рейн қазіргі ата-анасымен 17 жылдан кейін сәбилер үйіне барып, бұрын оны баққан тәрбиешілерімен, өзі тағдырлас балалармен кездесті.
"Анам менен көз жазып қалса да, тастап кетсе де оған өкпем жоқ. Анамды жазғырғым келмейді. Болашаққа көз тастаймын, екеуміздің тағдырымыз сондай болды. Егер мені Канадаға алып кетпегенде, сол жақта өспегенде, қазіргі қырларым ашылмас па еді? Мені барлығы керемет қарсы алды. Менің халқым, ұлтым қонақжай екен", - дейді Жандос Рейн.
Шетелде өскен қазақ баласы 3-4 жылдан кейін Қазақстанға қайта келетінін айтты.