Bugin
Фото: freepik.com
Синоптиктер шілдеде құрғақшылық болуы мүмкін өңірлерді атады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Мамандар атмосфералық құрғақшылықтың басталу қаупі бар аумақтардың ауданы ұлғайғанын болжады. Шілдеде мына өңірлерде құрғақшылық болады:
Қостанай облысының Амангелді, Жангелді аудандарында және Арқалық қаласында;
Батыс Қазақстан облысының Казталов, Жәнібек, Ақжайық және Бөкей орда аудандарында;
Ақтөбе облысының Шалқар, Байғанин, Ыргыз және Ойыл аудандарында;
Қарағанды облысының Ақтоғай және Шет аудандарында;
Абай облысының Аягөз ауданында; Алматы облысының Балқаш ауданында;
Жетісу облысының Алакөл ауданында;
Жамбыл облысының Мойынқұм, Қордай, Жуалы, Жамбыл, Т. Рысқұлов және Сарысу аудандарында;
Түркістан облысының Арыс, Созақ, Қазығұрт, Түркістан, Ордабасы, Отырар, Шардара, Жетісай және Бәйдібек аудандарында;
Қызылорда облысының Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандарында және Қызылорда қаласы аумағында;
Атырау, Маңғыстау және Ұлытау облыстарының басым аумағында.