Bugin
Фото: инстаграм @kg_media_news
Қырғызстан "Золотая жизнь" газдалған анар сусынын балалар үшін зиян деп тапты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы kg_media_news инстаграм парақшасына сілтеме жасап.
Қырғызстанның Ош қаласында бұл сусын дүкендерден, сауда орындарынан тәркіленді.
Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігі жанындағы аурулардың алдын алу және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің бұйрығына сусын талаптарға сай келмейді екен. Себебі сусынның құрамында балалардың белсенділігі мен зейініне теріс әсер ететін азорубин E 122 бояғышы бар.
Сауда желілердің басшыларына осы өнімдерді сатуға тыйым салу туралы бұйрық берілген.