Bugin

Қарттар үйін паналаған актрисаның өмірі елдің жағасын ұстатты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

Айымторы Тайғаринова Алматыдағы Ғабит Мүсірепов театрында қызмет етіп, зейнетке шыққаннан кейін үйінен айырылып қалған, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Qazaq Airan YouTube арнасына сілтеме жасап. 

86 жастағы кейуана 7 жылдан бері қарттар үйін паналап келеді. 

"Үйімізді алып қойды. Мен жалғыз өзім далада қалдым. Үйімізде адвокат жігіт пәтер жалдап тұрды. Ол пәтерақы ретінде әр ай сайын 30 мың беріп тұратын. Кейін қағазға 30 мың теңге алып отырғанымды жазуды сұрады. Мен жазып бердім. Кейін пәтерім қолды болды. Ол не жасағанын, қалай жасағанын білмеймін. Ол әлгі үйді сатып алғандай болған ғой", - дейді кейуана. 


Айымторы Тайғаринова алаяққа алданып қалғаннан кейін қарттар үйіне келгенін айтты.