Bugin

ШЫҰ Астана саммиті жабық деп жарияланды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ Астана саммитін жабық деп жариялады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап.

"Біз ШЫҰ туының астында әрі қарай даму, өзара іс қимыл турасында мұқият пікір алмастық. Сіздер ұсынған ауқымды бастамалар ШЫҰ кеңістігінде және оның сыртында мығым бейбітшілік пен көпжақты ынтымақтастықты, орнықты ілгерілеуді қамтамасыз етуге септігін тигізетініне сенімдімін, - деді ел басшысы.

Президент Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинге алдағы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының төрағалық қызметінде табыс тіледі.