Bugin
Фото: Sputnik / Виталий Белоусов
БҚО-да өз анасын өлтірді деген күдікке ілінген жасөспірімнің ісі сотқа жолданды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
БҚО Шыңғырлау өңіріндегі әйел өліміне қатысты тергеу ісі сегіз айға созылып, күдікті ретінде марқұмның 16 жастағы ұлы қолға түсті. Жантүршігерлік қылмыс 2023 жылдың 18 қазанында болған.
"Істі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Динара Ғылманова қарайды. Сотталушы кәмелет жасқа толмағандықтан сот отырысы жабық есік жағдайында өтеді. Жасөспірімге “кісі өлтіру” бабы бойынша айып тағылған", – делінген сот хабарламасында.