Bugin
Фото:
Аты-жөні белгісіз ер адамның туыстары табылмай жатыр, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Осыдан 3 жыл бұрын Тараз қалалық өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығына аты-жөні белгісіз ер адам келген. 60 жастағы ер адамды бір топ кісі ертіп келген екен.
Орталықтың психологы jambylinfo.kz сайтына хабарласып, аты-жөнін ұмытқан адамның тағдырын жариялап беруге өтініш айтқан.
"Өткені белгісіз, аты-жөнін де айта алмайтын кісіні "туған-туыстары іздеп жүрген шығар" деген ниетпен қанша дәрігерге көрсеттік, емдеттік. Алайда туа біткен, әлде аяқ астынан душар болған дерт екенін ешкім дөп басып таба алмады. Бұл орталықта жүргеніне 3 жыл болды. Сол жылдардың ішінде біреуді сағынғанын, іздегенін көрмедік. Өйткені бәрін ұмытып қалған сияқты", - дейді орталықтың еңбекке баулу нұсқаушысы Назира Бадышова.
Аты-жөні белгісіз ер адамнык лексиконында 2-3 қана сөз бар. Оның бірі "мама" болса, екіншісі "Жамбыл".