Bugin

Жолдар жабылды: Еліміздің бір өңірінде сел жүру қаупі бар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Сел қаупі болғандықтан Түрген экологиялық бекеті арқылы өтетін жол жабылды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Іле-Алатау ұлттық паркіне сілтеме жасап. 

Мекеменің ресми сайтының мәліметінше, Түрген өзені бассейніндегі №2 және №5 мореналық көлдерден сел қаупі болуы мүмкін.

"Сел кезеңінде осы ықтималдықты ескере отырып, ұлттық парк Алматы облысы төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі комиссияның 1 шілдедегі № 6 хаттамасының 1.3.5-тармағын басшылыққа алады. Сондықтан 2024 жылғы 3 шілдеден бастап Іле-Алатауы МҰТП Түрген филиалының экологиялық бекеті арқылы демалушылар мен туристер үшін жол жүру шектеледі", - делінген хабарламада. 

Тек мүдделі мемлекеттік қызметтерге жол жүруге рұқсат етілді.