Bugin

Келіні ұнатпады: қарттар үйіндегі кейуана аянышты тағдырын айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

Зива Дүйсекова 4 жылдан бері қарттар үйінде тұрады. 77 жастағы кейуананы қарттар үйіне сіңлісі алып келген, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Qazaq Airan YouTube арнасында 77 жастағы кейуана аянышты тағдырын айтқан. 

"Келінімнің үйіне келгенмін. Сіңілім "сенің демалатын кезің келді, қарттар үйіне бар. Ол жерде бұрынғыдай мал жайып, сиыр сауып, от жағып жүрмейсің" деді. Кейін осында келдім", - дейді кейуана.

Зива Дүйсекова сіңлісі не үшін мұндай қадамға барғанын жасырмады. 

"Сіңілім "қарттар үйіне бара бер" деді ғой маған. Келін сөйлесе керек. "Анау үйтіп жатыр, бүйтіп жатыр" дегізе берме" деді. "Рахаттанып өзіңмен-өзің болғаның дұрыс" деді, - деді ол. 

Кейуана қарттар үйіндегі жағдай туралы айтты.

"Бұл жер жақсы. Жақсы қарайды. Тамағың, төсегің дайын, кірің жуулы. Ауырсақ дәрігерлер қарайды. Курортқа жібереді. Қараусыз емеспіз", - деді ол. 

77 жастағы кейуана адам қартайған шағында қарттар үйінде тұрғаны дұрыс деген шешімге келген.