Bugin
Фото: Аргументы и Факты
Қызыл жалын - тілсіз жау. Өрт шыққанда кез келген адам абдырап қалады. Сол себепті кенеттен апат пайда болғанда өзіңізді қалай ұстау керектігін есте сақтаған жөн.
Өрт шыққан жағдайда аузыңыз бен мұрныңызды кез келген, мүмкіндігінше ылғалды матамен жабыңыз. Содан соң оттан қашыңыз.
Қызыл жалын кезінде жеделсатыны (лифт-ред.) пайдаланбаңыз. Үйге не қандай да бір ғимаратта өрт шықса артық оттегінің кіруіне жол бермеу үшін терезелерді ашуға болмайды.
Сондай-ақ тез жанатын сұйықтықтарды (бензин, керосин) жəне қосылып тұрған электр аспаптарын сумен сөндіру аса қауіпті.
Ал үй жайда, биік ғимаратта, адамдар көп жиналатын жерде өрт ошағы кішкентай болса, жалынды барлық қол жетімді құралдармен өшіруге тырысу керек. Электр сымының оқшауламасы жанған кезде электр желісін арнайы орыннан өшіріңіз.
Шұғыл түрде өрт жағдайы туралы көршілерге немесе басқа кабинеттердегі қызметкерлерге дереу хабарлаңыз жəне эвакуацияны бастаңыз.
Өрт сөндіру қызметіне хабарласыңыз.