Bugin
Фото: freepik.com
Алматы облысының Есік қаласында 29 жастағы ер адамды өлтіріп кеткен, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
4 шілдеде жанар-жағармай құю бекетінің аумағында бір ер адам екіншісіне 12 рет пышақ сұққаны белгілі болды. Салдарынан 1995 жылы туған жәбірленуші сол жерде көз жұмды.
Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
"Полиция кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары кешені жүргізілуде. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Алматыны су басуы мүмкін екенін хабарлаған едік.