Bugin
Фото: freepik.com
Синоптиктер алдағы үш күнге, яғни 6-8 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Мамандардың айтуынша, демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады. Одан бөлек, найзағай ойнап, екпінді жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін. Жауын-шашынға қарамастан, елде ауа температурасы айтарлықтай жоғары болады.
Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында +20...+28°С шамасында;
Оңтүстік-шығыста +25...+33°С-қа дейін; республиканың батысы мен оңтүстігінде +33...+40°С-қа дейін қатты ыстық сақталады.