Bugin

Қазақстандық спортшы допинг қолданғаны үшін жарыстан шеттетілді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: olimpic.kz

Қазақстандық спортшы Талғат Сырбаз жарыстан шеттетілді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы допингке қарсы ұлттық орталықтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Еркін күрес шебері Талғат Сырбаз допинг қолданғаны үшін 3 жылға жарыстан шеттетілді. Талғат Сырбаздың сынамасынан спортшыларға қолдануға тыйым салынған дростанолон препараты табылды.

Енді ол 2024 жылдың 30 сәуірінен 2027 жылдың 30 сәуіріне дейін жарыстарға қатыса алмайды.