Bugin
Фото: freepik.com
Ақсай қаласында зорлық-зомбылықпен өлтірілген 2002 жылғы жігіттің мәйіті табылды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
БҚО ТЖД мәліметінше, оқиға 3 шілдеде түнгі сағат 01.00-де болған.
Бөрлі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген іс-шаралардың нәтижесінде осы қылмысқа күдікті ретінде Ақсай қаласының 27 жастағы тұрғыны анықталды.
"Алдын ала тергеу мәліметтері бойынша оқиға туыстар арасындағы кикілжіңнен болған. Күдікті өз кінәсін мойындады. Кісі өлтіру дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды", - делінген хабарламада.
Күдікті Бөрлі аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалған.