Денсаулық

Saviour Siblings

Құтқарушы бала

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

“Saviour siblings” дегеніміз не?!

“Saviour siblings” – онкологиялық ауруға шалдыққан, мысалы, қатерлі ісік және  "фанкони" анемиясы сияқты ауруларды трансплантациялау арқылы емдеу үшін  дүниеге келген бала. Мұндай қауіпті ісік ауруларымен туылған баланы тек  жақын бауырларының көмегімен ғана емдеуге болады. Сонымен қатар емделген балаға көмек беретін құтқарушы өліп кетуі де мүмкін. Құтқарушы  бауырлас "in vitro" ұрықтандыру арқылы ойластырылып,дүниеге келеді.

Ол негізінен Генетикалық түрде анықталатын (негізінен моногендік)  Fanconi anemia, Diamond-Blackfan анемия , β-таласемия, секілді ауруларды мұра етпеу үшін таңдалып алынады. Процедура лейкемиямен ауыратын балаларда да қолданылады. Дегенмен бұл құбылыстың жүзеге асуы үшін бірнеше уақыт керек. Ең алдымен 8-жасушалық адам эмбрионы ұрықтанғаннан кейін 3 оған түрлі диагноздар жасалады.

Гендік диагноздың арқасында құтқарушы сәбидің ағзасында науқас бауыры секілді ауру белгілері жоқтығы тексеріледі. Ол туылған соң кеуде қуысының қаны алынып, гемопоэтикалық жасуша трансплантациясы үшін қолданылады.

Жалпы бұл жәйт жайлы заң тарапынан мақұлданған болып табылады.

Біріккен Корольдікте Адам ұрықтандыру және эмбриология басқармасы (HFEA) құтқарушы бауырының заманауи репродуктивтік әдістерге қолдануына заңды түрде рұқсат берген. Оған қоғамда қарсы шығып жатқаны байқалмайды. Сауалнама бойынша 4000 американдықтың,61% -ы құтқарушы бауырлар үшін PGD пайдалану дұрыс деп есептеген екен.

Алғашқы тәжірибе Юрий Верлинский және оның қызметкерлері  тарарынан 2001 жылы жүзеге асырылды.