Bugin

Арыста әскери бөлімде 3 адам қаза болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Арыстағы әскери бөлімде кәріз газынан улану салдарынан екі азамат пен бір әскери қызметкер қаза тапқан, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Арыста әскери бөлім аумағында кәріз жүйесіне қызмет көрсету және тазалау жұмыстарын орындау кезінде үш адам қаза тапқан.

Қайғылы оқиға Шымкент аудандық пайдалану бөлімінің жұмысшысын құтқару кезінде болды. Ол жұмыс барысында абайсызда құдыққа құлап кеткен. Оған көмекке келген екі жұмысшы мен екі әскери қызметкер де жағдайларының нашарлауына байланысты сол жерден шыға алмай қалған.

ҚР ІІМ Әскери тергеу басқармасының Шымкент бөлімі ҚР ҚК 156-бабының 4-бөлігі бойынша (еңбекті қорғау ережелерін бұзу) сотқа дейінгі тергеуді бастады.