Bugin
Фото: Информбюро
Канададағы қазақ баласы өз анасымен 17 жылдан кейін қауышты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Жандос Райан есімді қазақ баласы 10 айлығында шекара асып кеткен. Оны Канаданың Торонто қаласында тұратын шетелдік отбасы асырып алған.
"Анам мені тастап кетсе де оған еш өкпем жоқ екенін айтқым келеді. Оны жазғырмаймын да. Тағдырдың жазуы солай шығар. Ал Ата жұртым мені ерекше ыстық ықыласымен қарсы алды. Жайлауда болып, домбыра аспабымен таныстым. Халқым қонақжай екен", - деді Жандос.
Қазақ баласын канадалық отбасы бірнеше жылдан кейін туған еліне әкелген.
"Ол туған анасын көргісі келе ме жоқ па өзі шешеді деп келдік. Ұлымыздың Торонтода қазақ достары көп. Олармен жиі кездесіп, араласып тұрады. Сонда достарының бірі анасын табуға кеңес берген. Біз оның ниетін қолдап, Ақтауға алып келдік", - деді асырап алған анасы шетелдік әйел Шанас Мұхамед.