Bugin

Жамбыл облысындағы бір қаланы су басты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ҚР ТЖМ

Жаңатас қаласында 50-ге жуық үй су астында қалды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап.

Жамбыл облысының Сарысу ауданында жауын-шашын салдарынан 400-ден астам нысан мен 47 үйді су басты.

Төтенше жағдай салдарын жоюға барлығы 242 адам, 54 бірлік техника, 24 мотопомпа және 1 пилотсыз ұшу аппараты жұмылдырылды. Полиция департаментінің 137 қызметкері мен 32 бірлік техникасы тартылды. 

Полиция қызметкерлері елді мекендерде құқықтық тәртіптің сақталуын қадағалап, су басқан үйлердегі мүліктің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Сондай-ақ, адамдарды эвакуациялап жатыр.

Сел тасқынынан облыстық маңызы бар "Жаңатас-Саудакент" автожолының учаскесіне зақым келген. Елдімекендерге кіру балама жол арқылы қамтамасыз етілді.