Bugin

Энергетикалық сусындарды кім сатып ала алады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Палач

Елімізде 21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусын сатылмайтын болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

8 шілде күні Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотерея қызметі, денсаулық сақтау, мемлекеттік еңбек инспекциясы, мемлекеттік бақылау және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Қол қойылған Заң аясында өскелең ұрпақтың денсаулығын энергетикалық сусындардың зиянды салдарынан қорғау үшін  21 жасқа дейінгі адамдарға сатуға тыйым салынды. 

Дүкен сөрелерінде қаптаған түрлі сусындар адам өміріне айтарлықтай зиянын тигізеді.