Bugin
Фото: dzen.ru
"Аяқ киімің тар болса дүниенің кеңдігінен не пайда?" деген әзіл сөз көпшіліктің арасында жиі тараған. Расында аяққа арналған тауарды таңдағанда қателесуге болмайды. Сол себепті аяқ киім таңдағанда нені ескеру керек?
Ең алдымен, сатып алғалы тұрған аяқ киімді қанша уақыт киетініңізді ойлану керек. Биік өкшелі аяқ киімді тек мереке сайын кисеңіз, күнделікті өмірге жайлы, биік өкшелі емес тауарды таңдаған абзал. Бірнеше ай киетін аяқ киімнің сапасына аса назар аударған дұрыс.
Одан соң, бірнеше рет кигеннен кейін созылып, кеңейіп кететін аяқ киімдерден аулақ болған жөн. Аяқ киім алғашқы киіп көрген сәттің өзінде жайлы болуы тиіс. Егер бәтеңке, биік өкшелі туфли аяғыңызға тар немесе қатты болса, мөлшері келмесе мұндай аяқ киімнен бас тартқан дұрыс.
Сондай-ақ, аяқтың өлшемі де өзгеретінін естен шығармаңыз. Әр аяқта 26 табанасты ұсақ сүйектер болады. Аяқ өлшемінің өзгеруіне жүктілік пен босану, жаттығулар, көп жүру де әсер етеді.
Ал биік өкшелі аяқ киіммен көп жүру аяқ бұлшықеттеріне зиянын тигізеді.