Bugin

БҚО-да әйел адамға найзағай түсті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Шалқар көлі жағасында әйелге найзағай түсті, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Тұрғындардың сөзінше, оқиға 7 шілде күні сағат 17.00 шамасында болған. Көл жағасында демалып жатқан 39 жастағы ресейлік әйел кенеттен болған оқыс оқиғадан көз жұмған. 

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 17.13-те Сарыөмір дәрігерлік амбулаториясына Шалқар демалыс орнында 1984 жылғы адамға найзағай түскені жөнінде хабар келген. Оқиға орнына барған фельдшер судағы адамның қайтыс болғанын анықтады.