Bugin

Жойқын торнадо соқты: қаза тапқандар бар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

Қытайдағы Хэцзе қаласында жойқын торнадо соқты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Синхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Синхуа агенттігінің мәліметі бойынша, Хэцзе қаласына әкімшілік есеп беретін Дунмин және Цзюанчэн округтерінің аумағында 88 адам әртүрлі дәрежеде жарақат алып, олардың бесеуі қаза болған.

Торнадо салдарынан 2820 ғимарат пен 48 электр желісі зақымдалды. Сондай-ақ 4 060 гектар ауылшаруашылық жері зардап шекті.

Қарқынды жөндеу жұмыстарынан кейін көлік қатынасы, байланыс, су және электр қуаты қалпына келтірілді.