Bugin
Фото: freepik.com
Құқық қорғаушы Ләззат Рақышева әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
"Human Rights Lawyears" қоғамдық қорының басшысы Ләззат Рақышева орталыққа көмек сұрап келетіндердің көп екенін айтты.
"Орталығымызда 46 қылмыстық іске қатысты адвокаттарымыз, психологымыз жұмыс жасап жатыр. Бәрі балаларға қатысты зорлық-зомбылық. Айына 150- ден астам хат келеді, бәрі зорлық көргендер", - деп жазды адвокат.
Ләззат Рақышева қызын зорлаған еркекке қатысты тың деректі бөлісті.
"Туған екі қызын зорлады деген еркектің туыстары қорқытып жатыр. Олар қорықпайды екен. Қыздарға “әкеңді соттатсаңдар өлтіреміз", "Қорғаушыларыңмен бірге көздеріңді құртамыз” дейді", - деп жазды адвокат.
Еске салайық, бұған дейін келінінен қорлық көрген кейуананың тағдыры туралы хабарлаған едік.