Bugin

Мердігер компаниялар өзі салған жолды неше жыл күтіп ұстайтыны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Мердігер компаниялар жолдарды 7 жылға дейін өздері күтіп ұстайтын болады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚР көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Үкімет отырысы барысында көлік министрі Марат Қарабаев жобалаушылардың, мердігерлердің жауапкершілігін арттыру мақсатында қолға алынған шараларға тоқталып өтті.  

"Соңғы жылдардағы жобаларды іске асыру тәжірибесін ескере отырып, жауапкершілікті арттыру мақсатында Халықаралық қаржы ұйымдарының қолдауымен EPCM келісімшарты және FIDIC қағидасы енгізілуде. Ондағы шарттарға сәйкес мердігер компания өзі жобалап, өзі салып 7 жылға дейін жолдарды күтіп ұстайтын болады. Бұл шарттың негізгі артықшылығы – жобалаудың және құрылыс сапасының тәуекелдерін азайтады", - делінген хабарламада. 

Бұл жергілікті компаниялардың әлеуетін, тәжірибесін арттырып, алдағы уақытта Халықаралық құрылыс компанияларымен бәсекелес болуға мүмкіндік беретін көрінеді.