Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: ҚР ТЖМ
Алматы облысының Талғар ауданында төтенше жағдай жарияланды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы "Ашық НҚА" порталына сілтеме жасап.
Алматы облысы Талғар ауданының аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы шешімнің жобасы жарияланды.
"Қоғамдық талқылаулар бүгін, 9 шілдеде аяқталды. Бұған қоса Талғар ауданы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аудан басшысы Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағына баруды уақытша шектеу туралы шешім қабылдады", - делінген құжатта.
Мұндай шешім Талғар өзенінің сол жақ бассейнінде орналасқан мұздық пен көлдің жағдайына мониторинг жүргізуге байланысты қабылданды. Бұл шара Талғар, Кеңдала, Ақтас елді мекендері тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Ұсыныстар мен байланыс үшін
8 705 324 11 61