Bugin
Фото: инстаграм @poisk_region_10
Ресей азаматы бірнеше күн бұрын Қостанай облысында жоғалып кетті, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы poisk_region_10 инстаграм парақшасына сілтеме жасап.
53 жастағы Алексей Трушин 4 шілдеден бері іздестіріліп жатыр. Соңғы рет адамдар оны Чернышевский көшесіндегі "Азия" дүкенінен көрген.
Ер адамның бойы – 160-165 см, шашы қысқа.
Жоғалған күні үстінде қасқыр суреті бар сұр түсті футболка, қара түсті трикотаж, қара шифер болған.