Bugin
Фото: Қайрат Нұртастың парақшасынан
Әнші Қайрат Нұртастың ісі Астананың апелляциялық сотында қайта қаралды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Әнші 5 шілде күні ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 15 тәулікке қамауға алынған болатын. Алайда оның адвокаты үкімге шағымданған. Дегенмен, сот бірінші инстанцияның шешімін өзгеріссіз қалдырды.
Танымал өнер иесі Қайрат Нұртас ұшақ бортында ұсақ бұзақылық жасап, денсаулығына жеңіл зиян келтіргені үшін ұсталған еді. Сол күні-ақ оған 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу туралы үкім шығарылды.