Bugin
Фото: wallhere.com
Найзағай - өте қызықты құбылыс болғанымен қаупі де орасан зор. Көптеген жағдайда адамдар жаңбыр мен найзағай жарқылын түсіру үшін терезелерді ашып, үйден шығып жатады.
Алайда бұл өте қауіпті. Себебі найзағай тоғы жабық тұрған пәтердегі заттарға да тию ықтималдығы жоғары.
Найзағай кезінде үйдегі терезелерді ашуға болмайды. Жарқылдаған сәуле терезедегі перделерді өртеп жіберуі мүмкін. Одан бөлек, ашық тұрған терезе найзағай жарқылының үйге тікелей түсуіне әсер етеді.
Электр тоғын қолдануға болмайды. Найзағай кезінде қандай да құрылғылар электрге жалғанса оларды зақымдауы мүмкін. Даладағы қатты тоқ күші үйдегі қуатқа жалғанған техникаларды әп-сәтте күйдіруге бейім. Сол себепті теледидар, ұялы байланыс құралдары, ноутбук, ойын құрылғылары сынды гаджеттерді тоқтан алыс қойғаныңыз абзал.
Найзағай ойнаған сәтте металл заттардан аулақ болған дұрыс. Себебі металл найзағайды тартады. Найзағай мен нөмер кезінде қолшатырды пайдаланбаған да жөн. Себебі ол металлдан жасалады. Одан бөлек, телефон, құрылғы деген дүниелерге найзағайдың түсуінен сақтану қажет. Адам шашы да найзағай тоғын тартатын күштердің бірі екенін ұмытпаңыз!