Bugin

Танымал тележүргізуші ерекше баласы үшін неден бас тартқанын айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: инстаграм @aigerim_seifolla

Танымал тележүргізуші Әйгерім Сейфолла ерекше баланы тәрбиелеудің қиыншылықтарын айтты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы. Бұл туралы тележүргізуші әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Мен ерекше баламды қатарға қосу үшін бар ақшамды, күш-жігерімді,  мейірімімді төгіп жүрген анамын. Тойға, қонаққа беталды бармаймын, бренд заттар сатып алмаймын, ысырапқа жол жоқ. Ешкімге жамандық тілемеймін. Мәселемді айтпаймын. Өтініш, маған тек жақсы нәрселер айтыңыздаршы", - деп жазды ол.

Әйгерім Сейфолла жуырда ғана "1001 түн" бағдарламасынан кеткенін айтты. Тележүргізуші ол жұмысты баласының еміне қаражат керек болғандықтан істегенін жасырмады.