Bugin

Ақтаудағы демалыс базасында бозбала қаза болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Ақтаудағы демалыс базаларының бірінде 2007 жылы туған жас жігіт көз жұмды, - деп  хабарлайды Bugin.kz порталы Lada.kz порталына сілтеме жасап.

Бозбаланың өлімін оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлері тіркеді. Алдын ала болжам бойынша жігіт сырғанайтын төбешіктен суға секірген.

"Бұл жағдай туралы ештеңе айта алмаймыз, сырғанайтын төбешікке қатысы жоқ. Жігіт ол жерден құлаған жоқ. Бұл демалыс орталығының аумағында болды, жігіт өзін нашар сезінді. Оны жедел жәрдем алып кетті", - деп пікір білдірді демалыс орталығының өкілдері.

Маңғыстау облыстық жедел жәрдем және жедел медициналық жәрдем станциясы бұл оқиғаны растады.

"Оқиға 8 шілдеде болған. Сағат 14:26-да демалыс орнынан 2007 жылы туған жәбірленушінің суға батып кеткені туралы қоңырау түсті. Жедел жәрдем бригадасы келіп, дәрігерлер өлімді тіркеді", - деді жедел жәрдем өкілдері.  

Еске салайық, Атырау облысында жасөспірім көз жұмғанын хабарлаған едік.