Bugin
Фото: Lada.kz
Ақтаудағы шағын аудандардың бірінде су жоқ. Ашынған халық тағы да жолды жауып тастады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Lada.kz-ке сілтеп.
Әлеуметтік желіде видео тарады. Онда 19-шы ықшамаудандағы №43 ғимараттың тұрғындары үш күннен бері ауыз сусыз отырғаны көрсетілген. Бұған ашуланған халық биліктің назарын аудару үшін жолды жабуға мәжбүр болған.
Ақтауда көлік кептелісі болып, халық жиналған жерге полицейлер барған. Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі журналистерге үй тұрғындарына құзырлы мекеме өкілдерін жіберетіндерін айтты.