Bugin
Фото: dzen.ru
9 шілде күні Батыс Қазақстанда жасөспірім суға батып кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы "Мой город" басылмына сілтеп.
Желаево ауылы маңындағы "Арна" демалыс базасының аумағында болды. Олар мұнда туған күнді атап өту үшін келген.
"14-15 жас аралығындағы жасөспірім су құрбаны болды. Куәгерлердің айтуынша, ол жүзе алмаған. Бала демалыс орнына ересектердің қарауынсыз достарымен келген. Демалыс базасының әкімшілігі аталған оқиғаға қатысты түсініктеме беруден бас тартты", - деп жазады жергілікті басылым.